"Шалғайдағы оқиға" ("История в глубинке")

    21 желтоқсанда «Жетiншi арнада» «Шалғайдағы оқиға» атты телехикая көрсетіле бастайды. Бұл жоба – қазіргі таңдағы өзекті әлеуметтік мәселелерге арналған және құлдырап бара жатқан ауыл тағдырына алаңдайды. Жобаның бас продюсері Данияр Жанбековтың айтуынша, қазіргі уақытта мемлекет пен коммерциялық арналар ынтымақтастық орнатып, бірлескен жобалар жасауды қолға ала бастаған. Аталған жоба осындай қадамның алғашқы нәтижесі болып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қолдауымен түсірілген. «Шалғайдағы оқиға» көп бөлімді фильмі ауылға қайта оралу идеясына арналады. Отбасы – басты құндылық идеясын ұстана отырып, режиссер Жасұлан Пошанов бастаған авторлар соңғы кездері құлдырап кеткен ауылдардағы тығырыққа тірелген тірлікті қайта жандандыру керек екенін айтады. Нұрболат Абдуллин сомдап шыққан Елдос ролі – қалада жақсы жұмысы, табысты кәсібі, ортасы, достары бар жас жігіттің бойындағы туғандарына деген адалдық, жақындарына деген мейіріммен қатар, туған өлкесінің тағдырына бей-жай қарай алмайтын азаматтық қасиеттің тоғысындағы биік мақсаттарға ұмтылыстың жарқын бейнесі. «Мойымай, қажымай, туған ауылын көтеруге бел буған бас кейіпкер образы арқылы жат өлкеде емес, кіндік қаның тамған елде де бақытты болуға, қызықты өмір сүріп, жемісті еңбек етуге болатынын көрсетуге тырыстық», - дейді жоба авторлары. «Шалғайдағы оқиға» 21 желтоқсанда Жетінші арна эфирінен көрермендерге жол тартпақ. Қоюшы-режисері: Жасұлан Пошанов Бас продюсер: Данияр Жәнібеков, Виржиниа Восгиморукиан Атқарушы продюсері: Алмат Массалим Рөлдерде: Нұрболат Абдулин, Шынар Асқарова, Артур Төлепов және т.б. История о молодом парне Ельдосе, который, будучи успешным городским бизнесменом, волей случая возвращается в аул, где родился и вырос. Цепочка приключений и обещание данное родному дяде заставляют Ельдоса на какое–то время остаться в ауле и привыкать к непростым бытовым условиям. Там он встречает и свою любовь. Отсутствие нормальной работы грозит аулу вымиранием, запустением, но Ельдос вместе со своими городскими друзьями-предпринимателями бросают вызов безработице и безденежью, и местной мафии.